2025 жылғы 27 маусымда электр және жылу энергетикасы саласындағы кәсіби біліктіліктер бойынша салалық кеңестің отырысы өтті. Шараға 70-тен астам сала өкілдері қатысты. Олардың қатарында: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері, сондай-ақ негізгі салалық ұйымдар мен білім беру мекемелерінің өкілдері бар: "Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы" ЗТБ, "Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы" АҚ, Техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі оқу-әдістемелік бірлестік өкілдері, ҚР БжҒ министрлігіне қарасты ЖОО-лар Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ, сондай-ақ энергетика секторының жұмыс берушілері қатысты. Отырыс барысында электр және жылу энергетикасында кадрлар даярлаудың негізгі мәселелері талқыланып, төмендегі мәселелерге ерекше назар аударылды: дуалды оқыту жүйесін дамыту; студенттерді даярлауға қатысатын кәсіпорындардың тізбесін қалыптастыру; түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері; кәсіби стандарттар негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларын жаңарту. Күн тәртібіндегі негізгі тармақтардың бірі еңбек нарығының талаптары мен қазіргі заманның сұраныстарына сәйкес салалық біліктілік шеңберін жаңарту және кәсіби стандарттарды жаңғырту жөніндегі жұмыс барысын талқылау болды. "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және салалық кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру аясында Қазақстандық электр энергетика Қауымдастығы электр және Жылу энергетикасы саласында 31 кәсіптік стандартты әзірлеу және өзектендіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Олардың ішінде: -4 кәсіби стандарт жаңадан бастап әзірленеді және 9 кәсіпті қамтиды;