Бүгін, 2025 жылғы 3 қарашада «Қазақстан Электроэнергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ Директорлар Кеңесінің отырысы өтті. Директорлар Кеңесі мүшелерінің шешімі бойынша Бағдат Орал ҚЭҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып үш жыл мерзімге сайланды.
«ОАЭК» АҚ Басқарма Төрағасы Орал Бағдат Еркебұланұлы 2008 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін «Жылу энергетикасы бакалавры (Жылу электр станциялары)» мамандығы бойынша, 2011 жылы Albert Ludwigs University of Freiburg университетін «Жаңартылатын энергия көздерін басқару ғылымдарының магистрі» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген.
Еңбек өтілі: • Фраунгофер күн энергиясы жүйелерінің Ғылыми-зерттеу институтында ғылыми ассистент, фаза өзгертетін материалдарды зерттеу департаментінің жоба жетекшісі (03.2011–03.2012);
• «Samruk-Green Energy» ЖШС-де жобалық менеджер, кейін бас жобалық менеджер (2012–2014); • «Samruk-Green Energy» ЖШС-де болашақ даму басқармасының бастығы (03.2014–06.2014); • «ЦАТЭК GREEN ENERGY» ЖШС Директоры (06.2014–07.2018); • «ОАЭК» АҚ Энергияны өткізу жөніндегі вице-президенті (07.2018–03.2021); • «ОАЭК» АҚ Басқарма Төрағасы (03.2021 жылдан бастап).
Басқа лауазымдар: «ОАЭК» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі «ҚЭҚ» ЗТБ Директорлар Кеңесінің төрағасы «ҚЭҚ» ЗТБ Директорлар Кеңесінің мүшесі «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы «AMANAT» партиясы жанындағы энергетика комитетінің мүшесі «АЭҮК» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы Қазақстан Электроэнергетикалық Қауымдастығының Еңбек сіңірген энергетигі.
Қазақстан Электроэнергетикалық Қауымдастығы Қазақстанның энергетикалық секторын дамыту және қолдау жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Нарықтың 90% біріктіретін қауымдастықтың қызметі сала өкілдері мен мемлекеттік органдар арасында диалог құруды, электроэнергетикасы саласындағы заңнаманы әзірлеу мен жетілдіруді, сондай-ақ кадрлар даярлау үшін кәсіби стандарттарды әзірлеуге қатысуды қамтиды. КЭҚ-қа 100-ден астам компания кіреді.
«Қазақстан Электроэнергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ