Президент Токаев об энергетике

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында энергетика саласын дамыту мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Мемлекет басшысы көтерген көптеген бағыттар — Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығы бірнеше жылдан бері жүйелі түрде айналысып келе жатқан мәселелер.

Әділ тарифтер жөнінде Қауымдастық нарық қатысушыларымен бірлесіп, қалыптасқан айқаспалы субсидиялау жүйесі мен электр және жылу энергиясы тұтынушыларының барлық санаттары үшін тарифтерді теңестіру тетігінің кемшіліктеріне терең талдау жүргізді. Есептеулер көрсеткендей, барлық тұтынушылар топтары үшін тарифтерді теңестірумен қатар, тек әлеуметтік осал топтарға атаулы қолдауды сақтау тарифтік әділеттілікті қамтамасыз ететін әрі жалпы жүктемені азайтатын модель қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұл модель іске асқанда: бюджеттік ұйымдар жылына шамамен 103 млрд теңге, өзге заңды тұлғалар 43 млрд теңге үнемдей алады.

Бизнес үшін тарифтік жүктеменің төмендеуі тауарлар мен қызметтер бағасының өсуін тежеуге ықпал етеді, ал олардың түпкі тұтынушысы — халық. Ал әлеуметтік осал үй шаруашылықтарының шығындарын өтеу үшін жылына шамамен 8 млрд теңге қажет. Осылайша, мемлекеттік бюджет үшін таза оң нәтиже 95 млрд теңгеге жуық болуы мүмкін.

Төмен тарифтер мен арзан электр энергиясы мәселесі бойынша Қауымдастық әділ тариф қалыптастыру қажеттігін бірнеше рет көтерді. Қазіргі реттеу тәжірибесі инфляцияны тежеу мақсатында коммуналдық және энергетикалық саладағы объективті қажетті шығындарды негізсіз төмендетуге алып келуде. Бұл:еңбекақы қорының жеткіліксіздігіне, білікті мамандардың кетуіне, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуының әлсіреуіне, инвестициялар мен жөндеу жұмыстарының жеткіліксіз қаржыландырылуына,соның салдарынан электр және жылумен жабдықтау сенімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Коммуналдық сектордағы қаржыландыру тапшылығы көп жылдан бері сақталып келеді және «қысылған серіппе» әсерін тудырып, жинақталған мәселелердің күрт ушығуына себеп болуда.

Энергетикалық және коммуналдық сектор реформасы аясында Қауымдастық энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыруға белсенді қатысуда. Бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге ұсыныстар енгізілді. Сонымен қатар, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту көздерін кеңейтуге бағытталған электр қуаты нарығын реформалау бастамасы ұсынылды. Қазіргі уақытта бұл ұсыныстар уәкілетті органда қаралуда.

Жаңғырту және инвестициялық тартымдылық туралы Мемлекет басшысы Үкімет энергетикалық және коммуналдық нысандарды ауқымды жаңғыртуға кіріскенін атап өтті. Жүздеген шақырым инженерлік желілер салынып, электр беру желілері жаңартылады. Қаржылық модель әзірленуде. Қауіпті аймақта болған жылу электр орталықтарының саны азайып, апаттылық деңгейі төмендеді. Алайда тозған инфрақұрылымды тек қалпына келтіру жеткіліксіз — саланың жұмыс істеу қағидаттарын өзгерту қажет. Негізгі міндет — инвестициялық тартымдылықты арттырып, нақты нарықтық тетіктер қалыптастыру.

Энергетика мен коммуналдық сектор — мемлекеттің тіршілік негізі, олардың тұрақтылығы экономиканың дамуына және азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер етеді.

Әлеуметтік әділеттілік пен тариф саясаты жөнінде Президент ұзақ уақыт бойы жасанды түрде төмендетілген тарифтер экономикалық ынталандыруларды бұрмалап, жекелеген топтарды жасырын субсидиялауға әкелгенін айтты. Төмен тарифтер көбіне ірі бизнес пен делдалдарға тиімді болған, ал адал тұтынушылар мен әлеуметтік осал топтар тиісті қолдау ала алмаған.

Сондықтан тариф саясатын өзгертіп, мемлекет көмекті шынымен мұқтаж азаматтарға тікелей өтемақы арқылы атаулы түрде көрсетуі тиіс. Әлеуметтік тұтыну нормасын енгізу және сараланған төлем жүйесімен бірге тарифтерді көтеру — әділ әрі теңгерімді экономикаға қадам. «Көбірек тұтынсаң — көбірек төлейсің» қағидаты тариф жүйесінің негізіне айналуы керек. Бұл бағытта алғашқы нәтижелер де бар.

Реформалар және мемлекеттің жауапкершілігі туралы Президент реформалардың кейде қоғам тарапынан түсінбеушілікке ұшырайтынын, бірақ олардың баламасы жоқ екенін айтты. Қысқы кезеңде тарифтердің өсуі уақытша тоқтатылды, сонымен қатар Үкіметке қатаң бюджеттік тәртіпті сақтау және мемлекеттік қаражатты ұтымды пайдалану тапсырылды. Қаржы тек басым жобаларға бағытталуы тиіс. Инфляцияны төмендетуге арналған орта мерзімді бағдарлама қабылданды.

Мемлекет басшысының айтуынша, экономикадағы құрылымдық теңгерімсіздіктер жүйелі түзетуді талап етеді. «Орта табыс тұзағы» мәселесі көптеген азаматтарға тән. Дегенмен реформалар мен инфрақұрылымды жаңғыртуды жүйелі іске асыру арқылы ел тұрақты әрі сапалы экономикалық өсімге қол жеткізе алады.

фото.jpeg