Қазақстандық электр энергетикасы Қауымдастығының бастамасымен энергетика күні жәнеҚауымдастықтың 25 жылдығына орай еліміздің электр энергетикасы саласындағы ең ықпалды тұлғалардыңалғашқы рейтингі әзірлені.
Рейтингке қатысушылар қалай бағаланды?
Тәуелсіз сарапшылар комиссиясы 2023 жылдың қазан айында саланың ең танымал және осы саладағы негізгі лауазымдағы қызмет атқаратындардың толық тізімін құрды. Компания басшылары жылдық табыс, төленген салық көлемі және жұмысшылар саны, кәсіпкерлер – капитал бойынша, мемлекеттік қызметкерлер – олар басқарып отырған қызметтерінің салмағы бойынша көрсеткіштер жиынтығы сараланды. Осыдан кейін кандидаттардың жалпы тізімі бес балдық шкала бойынша бағаланды. Бағалаушы сарапшылардың қатарында бизнес өкілдері, консалтингтік компаниялар, мемлекеттік қызметшілерді және қоғамдық ұйым өкілдері, рейтингке қатысушыларғаүлестігі жоқ тұлғалар, сондай-ақ сала талдаушылары болды. Бағалаудың екі әдісін біріктірген кезде алғашқы жолақтағы 50 қатысушы рейтингтің қысқа тізімін (шорт-лист) жасады.