Совет рынка направил в Минэнерго рекомендации по инвестиционной программе ТОО «Aktobe Energy Gaz»

Рұқсат беру ережелеріне сәйкес (ҚР Энергетика министрлігінің 2017 жылғы 28 қарашадағы №416 бұйрығы) Нарық кеңесіне «Aktobe Energy Gaz» ЖШС-нің 2026–2029 жылдарға арналған жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту инвестициялық бағдарламасы түсті: «Ақтөбе қаласында қуаты 160,5 МВт бу-газ электр стансасын салу». Нарық кеңесі Президиумының 2026 жылғы 9 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Нарық кеңесінің сарапшылар комиссиясының осы жылғы 6 сәуірдегі отырысында әзірленген ұсыныстарды қарау қорытындысы бойынша, «Aktobe Energy Gaz» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы ҚР Энергетика министрлігінің қарауына жіберуге рұқсат етілді.