Құдасбаев Айберген Жұмажанұлы, Құдасбаев Тілеулес Құдайбергенұлы, Еркін Айбергенұлы, Құдасбаев Ерлан Айбергенұлы.
Әулеттің көшбасшысы, әкесі Құдасбаев Айберген Жұмажанұлы. Ол 1963 жылы 20 ақпанда Қызылорда облысы Арал ауданы Шөмішкөл елді мекенінде дүниеге келген.
1971-1979 жылдары №66 сегіз жылдық мектепті бітіріп, 1979-1982 жылдары Әйтеке би кентіндегі №70 кәсіптік- техникалық училищесінде тепловоз машина көмекшісі мамандығы бойынша білім алған.
1983-1985 жылдары Совет армиясы қатарында азаматтық борышын өтеп келіп, алғашқы еңбек жолын 1986 жылы ақпан айында Қазалы аудандық электр торабында тарату желісінің электромонтеры болып бастады. Аталған мекемеде 2001 жылы №1 тарату бригадасына шебер, 2002 жылы құрылыс - құрастыру бригадасында шебер, 2004-2007 жылдары қосалқы станция және жоғары кернеу желісі бригадасы шебері қызметтерін жасады. 2007-2010 жылдары Қазалы аудандық электр торабы бастығының орынбасары қызметін абыроймен атқарды. 2010 жылдан бастап Қазалы аудандық электр торабының өндірістік техникалық бөлімі инженері болып жұмыс атқарып келеді. 2017 жылдың қаңтар айында авариялық жұмыстарға белсене қатысып, басшылардың нұсқауына қарсылық білдірместен өз бригадасымен бірге уақытқа қарамастан жұмыс атқарды.
Ал жетістіктерге келер болсақ, Облыстық, Республикалық энергетиктердің дәстүрлі шеберлік шыңдау оқу-жаттығу жарыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
2001-2002 жылдары Құмкөл кенішінде, 2004 жылы Орал қаласына кернеулігі 220 кВ әуе желісін қайта жаңғырту жұмыстарына, 2005 жылы аудандағы жарықсыз қалған елді мекендерді электр жарығымен қамтамасыз етуде жұмыстар атқарды. Отбасылы, 5 бала, яғни 2 қыз, 3 ұл тәрбиелеп өсірді. Бәріде отбасылы, 6 немеренің атасы.
Інісі Құдасбаев Тілеулес Құдайбергенұлы 2001 жылы Қазалы аудандық электр торабының тарату желісінің электромонтеры болып жұмысқа орналасты. 1978 жылы 11 наурызда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөмішкөл елді мекенінде дүниеге келді.
1985-1995 жылдары №66 сегіз жылдық мектепті бітіріп, 1995-1997 жылдары Совет армиясы қатарында азаматтық борышын өтеп келді.
2011 жылы Қазалы аудандық электр торабында тарату желісінің қосалқы станция және жоғары кернеу желісі электромонтеры болып ауыстырылды.
2001-2002 жылдары Құмкөл кенішінде, аудандағы жарықсыз қалған елді мекендерді электр жарығымен қамтамасыз етуге жұмыстар атқарды.
Атқарылған жұмыстары бағаланып, облыс, аудан және «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» Акционерлік қоғамының марапаттарына ие болды. Отбасылы, 5 бала, яғни 2 қыз, 3 ұл тәрбиелеп өсірді.
Әке жолын қуып, ұлы Еркін Айбергенұлы 2006 ж. бастап Қазалы аудандық электр торабын желісінің қосалқы станция слесарі болып қабылданды. 1988 жылы 2 қаңтарда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келді.
Облыстағы, аудандағы жарықсыз қалған елді мекендерді электр жарығымен қамтамасыз етуге жұмыстар атқарды.
Атқарылған жұмыстары бағаланып, облыс, аудан және «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» Акционерлік қоғамының марапаттарына ие болды. Отбасылы, 3 бала, яғни 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді.
ұлы Құдасбаев Ерлан Айбергенұлы әке жолын қуып, Қазалы аудандық электр торабында желісінің қосалқы станция слесарі болып 2024 жылы қабылданды.
Ол 1990 жылы 11 шілдеде Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 1996-207 жылдары Ж.Жабаев атындағы №234 орта мектепті бітірді.
Отбасылы, 2 бала, яғни 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді.